Сақтандырудың жаңа стандарттары

Сақтандырудың жаңа стандарттары

«Standard» Сақтандыру Компаниясы» АҚ Қазақстанның сақтандыру нарығында 8 жылдың көлемінде əрекет етіп келеді. Соның ішінде 2011 жылдан бастап «Standard» брендімен бар. Компания «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры» АҚ мүшесі болып табылады.

Алдыңғы қатарлы «A.M. Best Company» халықаралық рейтнгтік агенттігі халықаралық көрсеткіші бойынша «Standard» СК-ға В+ деңгейіндегі несиелік рейтингін жəне С++ деңгейіндегі қаржылық тұрақтылық рейтингін берген.

2015 жылы компаниямыз сақтандыру қызметтерін жоғарғы деңгейде көрсетуге талпынысымыздың растауы ретінде ISO 9001-2009 жəне ISO 14001-2004 сапа менеджменті жүйесінің сертификаттарын алған. Біз əрбір қазақстандықтың сақтандыру өнімдері бойынша ең жақсы ұсыныстарға жəне лайықты қызмет көрсетуге қол жеткізулеріне барлық мүмкіндік жасаймыз.

Компанияның сəтті дамуына өздерін халықаралық деңгейде көрсете білген серіктес-компаниялардың: SCOR Перестрахование (рейтингі А, S&P, Ресей), Advent Syndicate of Lloyd’s (рейтингі А+, S&P, Ұлыбритания), Partner Re (рейтингі АА-, S&P, Швейцария) тұтынушылар қатерін қайта сақтандыру бойынша жасаған əрекеттері де айтарлықтай ықпалын тигізді.

Сақтандырудың жаңа стандарттары – бұл клиенттерге қызмет көрсетуге, қызметкерлерді дамытуға жəне басқарудың нəтижелі үлгілерін енгізуге бағытталған Компания əрекетінің негізгі ұстанымдарын көрсететін бір үлкен философия.

Біздің жұмысымыздың ұстанымдары

  • Клиенттерге қызмет көрсету

Біз клиенттерімізге көбірек сұранысқа ие жəне тиімді сақтандыру қорғанысы бағдарламаларын ұсынамыз. Біз əрбір клиентпен жұмыс істегенде шұғыл əрі тез əрекет етуді басты назарда ұстаймыз.

  • Қызметкерлерді дамыту

Біз компаниямыздағы əрбір қызметкердің кəсіби деңгейін арттырып отырамыз.

  • Басқарудың тиімді үлгілері

Біз басқару үлгілерін операциялық жəне қаржылық көрсеткіштер ұстанымдарына негізделе отырып құрамыз.