Компания туралы

Компания туралы

Хайбуллин Дамир портрет

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

Сайтымызға қош келдіңіздер!

Әрқайсыңыздың сақтандыру компаниялары туралы өз тәжірибеңізден түйген пікіріңіз болуы мүмкін. «Standard» сақтандыру компаниясы өзі туралы, сервистік сақтандыру компаниясы ретінде батыл мәлімдеме ұсынады.

Біздің мақсатымыз – сервис деңгейі бойынша және сақтандырудағы инновациялық шешімдерді енгізу бойынша сақтандыру нарығының көшбасшысы болу.

Қызмет еткен барлық уақытта бейнетті жұмыстарды атқара отырып және айтарлықтай нәтижелерге жете отырып, біз бұл қадамның стратегиялық тұрғыдан қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік.

Клиенттерімізбен өзара тиімді қарым-қатынасты қолдау үшін, қарқынды дамыған сегіз жыл ішінде біз барлық бөлімшелерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын түсіре отырып, сақтандыру қызметтерін онлайн режимінде үш түртумен қол жеткізуге болатын жаңа деңгейге көтердік, сақтандыру қызметтеріне тәулік бойы қол жеткізуге мүмкіндік беретін колл-орталықтарын аштық, ауқымды аймақтық желілерді құрдық.

2015 жылы біздің компания ISO 9001-2009 және ISO 14001-2004 сапа менеджменті жүйесінің сертификаттарын иеленді, бұл біздің сақтандыру қызметтерін жоғары деңгейде көрсетуге ұмтылатынымыздың дәлелі бола алады. Біз әрбір қазақстандықтың сақтандыру өнімдері жөніндегі үздік ұсыныстар мен лайықты сервиске қол жеткізетін мүмкіндігі болуы үшін, барлық жағдайды жасаймыз.

A.M. Best Company халықаралық рейтинг агенттігі берген абырой біздің сенімді компания екенімізге кепіл бере отырып, тұрақты және тиянақты компания екенімізді білдіретін беделімізді нығайтуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта компания клиенттерге қол жетімді сақтандыру өнімдеріне көңіл бөлуді және қатынастың цифрлы арналары саласында дамуды жоспарлап отыр.

Біздегі барлық өзгерістер тек жақсы қырынан көрініс тауып, жұмыс сапасына оң әсерін тигізеді деп және мұны клиенттеріміз байқап, ұнатады деп үміттенеміз. Сіздердің сенімдеріңіз бен үміттеріңізді ақтау үшін, «Standard» сақтандыру компаниясы сақтандыру нарығына сақтандырудың жаңа стандарттарын енгізе отырып, барлық мүмкіндікті жасайды.

Құрметпен,

«СК «Standard» АҚ Басқармасының төрағасы

Хайбуллин Дамир