«ИК Standard» АҚ AIX сауда-саттық мүшесі мәртебесін алғанын хабарлайды. Енді компанияның клиенттері тиімді шарттармен одан да көп инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. AIX инвесторларға капитал нарығының барлық негізгі тетіктерін ұсынады: бастапқы және қайталама жария орналастыру, акциялармен сауда, тәуелсіз және корпоративтік облигациялар, депозитарлық қолхаттар, биржалық айналымдағы қорлар мен ноталар және т.б.
Анықтама үшін:
AIX 2017 жылы Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлерінің қатарына АХҚО, Шанхай қор биржасы, Қытай-Қазақстанның өндірістік қуаттардағы ынтымақтастық қоры және AIX сауда алаңын ұсынатын NASDAQ кіреді. Биржа ағылшынның жалпы құқық қағидаттарына негізделген реттеуші ортада жұмыс істейді, осылайша қауіпсіз инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін нақты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанда және аймақта белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады.