Мерекелік күндердегі жұмыс кестесі - Жаңа жыл (2026)

Құрметті клиенттер!

2025 жылғы 31 желтоқсанда SWIFT жүйесі арқылы шетелге жіберілетін шетел валютасындағы шығыс төлемдер Астана уақытымен 15:00-ге дейін және тек төмендегі валюталарда қабылданатынын хабарлаймыз:

  • АҚШ доллары (USD)

  • еуро (EUR)

  • британ фунты стерлинг (GBP)

  • канадалық доллар (CAD)

  • швейцар франкі (CHF)

  • БАӘ дирхамы (AED)

  • қырғыз сомы (KGS)

  • беларусь рублі (BYN)

Валюталық конвертациялық операциялар да 15:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Теңгедегі және шетел валютасындағы аударымдар, сондай-ақ «Еуразиялық банк» АҚ арқылы жүргізілетін конвертациялық операциялар 13:00-ге дейін орындалады.

Назар аударыңыздар: 2025 жылғы 31.12.2025–2026 жылғы 11.01.2026 аралығында SWIFT жүйесі арқылы жіберу үшін ресей рубліндегі (RUB) төлемдер қабылданбайды. Ресей рублі бойынша конвертация стандартты режимде жүзеге асырылады.

2026 жылғы 1, 2 және 7 қаңтар — демалыс күндері.
2026 жылғы 5 және 6 қаңтар — стандартты режимде жұмыс істейміз.

Сондай-ақ The Bank of New York Mellon банкінде ашылған шоттар бойынша қаржы құралдарын есепке алу/есептен шығару жөніндегі бұйрықтарды қабылдау келесі тәртіпте жүзеге асырылатынын хабарлаймыз:

  • 29.12.2025 ж. — есеп айырысу режимі T0, T+1, T+2;

  • 30.12.2025 ж. — есеп айырысу режимі T0, T+1;

  • 31.12.2025 ж. — есеп айырысулар тек ішкі нарықта.

Өтіп бара жатқан жылдағы ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!
2026 жылы сіздерге молшылық, тұрақтылық және барлық жоспарларыңыздың сәтті жүзеге асуын тілейміз.

Басқа жаңалықтар
SMS - тен кодты енгізіңіз
%Number% нөміріне растау коды бар SMS жіберілді
секундтан кейін қайта жіберу
Назад
Сканирование лица - следуйте инструкциям выше
Назад
Сканирование документов - следуйте инструкциям выше

Отправляем запрос в ЦОИД...

Пожалуйста, не закрывайте страницу.

Заявление о присоединении к Договору будет сформировано и подписано вместе со всеми документами после заполнения всех данных Клиентом.