Құрметті клиенттер!
Соңғы уақытта көптеген алушыларға келесі мазмұндағы SMS-хабарламалар келіп түсуде:
"09.12.2025 jylgy # 1-12/25 faktoring shartyna saikes "ForteBank" AQ-da jasalgan "Standard Invest" SFK JSHS-ne qaryzynyz berilgenin habarlaimyz. Tolem derektemeleri: BSN: 251240011907...... Barlyq suraqtar boiynsha elektrondyq poshtaga juginuge quqylysyz info@standardinvest.kz."
Аталған хабарламалардың біздің компаниямызға ешқандай қатысы жоқ екенін назарларыңызға саламыз.
Егер сіз осындай хабарлама алған болсаңыз, тікелей төмендегі ұйымға жүгінуді ұсынамыз:
"STANDARD INVEST" АРНАЙЫ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ" ЖШС
БСН: 251240011907
Сақ болуларыңызды және қарыздар туралы ақпаратты мұқият тексерулеріңізді сұраймыз.
Назар аударғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
