Нарықтарды шолу

Негізгі қаржылық жаңалықтар

ЖАЛПЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАР

Бейсенбі күні барлық активтер кластарындағы құбылмалылық қайтадан күшейді. Акциялар нарығындағы құлдырау шамамен 5 трлн доллар жоғалтып үлгеріп, енді жоғары кірісті облигацияларға да қатер төндіруі мүмкін.

«Мегакампаниялардағы» сату толқыны төмендеу үрдісін күшейтті. HYG – «мусорлық» облигацияларға бағытталған ETF – 2025 жылы ең үлкен құлдырауларының бірін тіркеді, ал казначейлік облигациялар құны өскеніне қарамастан. Сауда соғысының ушығуын растай түскен Дональд Трамп еуропалық шараптар мен шампанға, сондай-ақ басқа да спиртті ішімдіктерге 200%-дық кедендік тариф енгіземін деп қоқан-лоқы жасады. Кейін бейсенбіде ол осы аптада күшіне енген болат пен алюминийге салынған тарифтерді жоюды жоспарламайтынын, сондай-ақ 2 сәуірден бастап жаһандық сауда серіктестеріне қатысты ауқымды «өзара» тарифтер енгізу жоспарын өзгертпейтінін мәлімдеді.

S&P 500 индексі 1,4%-ға, Nasdaq 100 1,9%-ға, ал Dow Jones Industrial Average 1,3%-ға төмендеді. Технологиялық «мегакампаниялар» индексі 2,5%-ға құлдырады. Adobe Inc. акциялары көңіл көншітпейтін болжам салдарынан арзандаса, Intel Corp. салалық маманның бас директор қызметіне тағайындалуын жариялағаннан кейін қымбаттап кетті. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 5 б.т.-қа төмендеп, 4,27%-ға жетті. 22 млрд долларлық 30 жылдық облигациялар аукционы нәтижесіздеу өтті. Доллар 0,1%-ға нығайды.

АҚШ-тың бұрынғы Қаржы министрі Стивен Мнучин елдегі рецессия қаупін төмендетіп бағалап, Трамптың агрессивті сауда тактикасына байланысты қор нарығындағы ағымдағы құлдырауға аса мән бермеуге шақырды.

Америка Құрама Штаттарындағы Жекелеген инвесторлар қауымдастығы (AAII) жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша қатарынан үшінші аптада «аюлық» көзқарасты (пессимистік) ұстанатын респонденттер 55%-дан асты. Bespoke Investment Group сарапшыларының айтуынша, «1987 жылдан бері бұл деңгейден жоғары болған жалғыз кез – 2009 жылғы 4 наурызға дейінгі үш апта ғана».

JPMorgan Chase & Co. сарапшылары (Николаос Панигиртзоглу мен Мика Инкинен бастаған топ) пікірінше, АҚШ-тың акциялар нарығы рецессия қаупін кредит нарығына қарағанда едәуір жоғары бағалап отыр. Бұл «жағымды тосынсыйдың» мүмкіндігіне негіз болады.

Bloomberg Intelligence сарапшылары Джина Мартин Адамс пен Майкл Каспер «қазынашылық облигациялар» нарығы екіұшты белгілер беріп отыр деп санайды: бұл бір жағынан акциялар нарығындағы «тәуекелден қашу» (risk-off) тәсілін күшейтсе, екінші жағынан кредиттік спрэдтердің қалыпты диапазоны «салыстырмалы тыныштық» бар екенін байқатады. Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) қазынашылық облигация кірістілігіне негізделген моделі АҚШ-та бір жылдық перспективада рецессия қаупін дәл бір жыл бұрын болжаған, ал егер тарифтерге қатысты белгісіздік жалғаса берсе, бұл болжам расталуы әбден мүмкін. Тарихи тұрғыда көрсеткіш 30%-дан асқанда, бір жыл ішінде рецессия туындау ықтималдығы жоғары болған. Қазіргі көрсеткіш – 29,76%.

Азия-Тынық мұхиты нарықтары жұма күні өсті. Алдыңғы күні Уолл-стритте президент Трамптың жаңа тарифтер енгізу туралы сыбыстары салдарынан күрт құлаған АҚШ фьючерстері де қайта еңсе тіктеді. Инвесторлар алаңдаушылығы сауда соғысының өршуіне байланысты қайта күшейді.

Жапонияда Nikkei индексі 0,86%-ға көтеріліп, 36 900-ден асты, ал ауқымдырақ Topix 0,15%-ға өсіп, 2 702 пунктке жетті. Инвесторлар арзандап қалған технологиялық акцияларды белсенді түрде сатып алды. Йена бір күн бұрынғы нығаюынан кейін АҚШ доллары үшін 148 бағамынан асып, әлсіреді.

Сонымен қатар, инвесторлар Жапония банкінің белгілерін бақылауын жалғастыруда, себебі реттеуші басшысы Кадзуо Уэда орталық банктің ауқымды теңгерімін қысқарту жоспарын растады.

Қытайда (Shanghai Composite) индекс 1,84%-ға өсті. Гонконгта Hang Seng 2,43%-ға артып, 23 862 пунктке жетіп, алдыңғы алты сессиядағы құлдырауды тоқтатты. Үнді нарығы (Sensex) жұмадан бастап жабық болды.

Корпоративтік жаңалықтар:

  • Rubrik акциялары бейсенбі күні қосымша сауда сессиясында 10%-ға қымбаттады, өйткені киберқауіпсіздік саласындағы компания төртінші тоқсандағы нәтижелерін және келесі жылға арналған болжамын жариялап, сарапшылардың күтілімінен асып түсті.
  • ZIM Integrated Shipping бейсенбі саудасында 6,8%-ға арзандады. Төртінші және жылдық нәтижелер жарияланғаннан кейінгі екі күндегі жалпы төмендеу 10%-дан асты. Төртінші тоқсанның акцияға шаққандағы таза пайдасы 4,66 долларды құрады, бұл болжамнан әлдеқайда жоғары, себебі тасымал көлемі 2%-ға, ал фрахт мөлшерлемесі 7%-ға өсті.
  • Palantir Databricks компаниясымен жаңа серіктестік орнатқанын мәлімдеді, бұл серіктестік жасанды интеллект қосымшаларын әзірлеуді жеделдетеді деп күтілуде.
  • Li Auto компаниясы төртінші тоқсандағы қаржылық нәтижелерін 14 наурыз, жұма күні, биржа ашылмай тұрып жариялауды жоспарлап отыр.

ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫ

Сәрсенбі күні KASE индексі 0,26%-ға өсіп, 5 588,70 пунктке жетті. Мәмілелердің ең көп саны (2 443) және ең жоғары сауда айналымы (108,5 млн теңге) «Народный Банк Казахстана» АҚ акцияларына тиесілі болды.

Бес компанияның акциялары оң динамика көрсетті:

  1. «Народный Банк Казахстана» АҚ (+1,16%)
  2. «Қазақстанның Ұлттық атом компаниясы “Қазатомөнеркәсіп”» АҚ (+0,90%)
  3. «Кселл» АҚ (+0,41%)
  4. «KEGOC» АҚ (+0,34%)
  5. «Қазақстанның Ұлттық компаниясы “ҚазМұнайГаз”» АҚ (+0,07%)

Мемлекеттік облигациялармен (TONIA) жасалатын бір күндік репо мөлшерлемесі 7 б.п.-қа төмендеп, сессия қорытындысы бойынша 15,51%-ды құрады. АҚШ долларын кепілге қойып теңге қарызға алынатын бір күндік (SWAP-1D (USD)) мөлшерлеме 31 б.п.-қа өсіп, 12,08%-ға жетті. Бір күндік ақша нарығы құралдарының жалпы сауда көлемі 429,376 млрд теңгені құрады.

Сағат 17:00-де АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы (есеп айырысу «ертең») 489,59 теңге көлемінде тіркелді, бұл теңгенің 1,15 теңгеге әлсірегенін білдіреді. Сауда-саттық көлемі 209,792 млн долларды құрап, 802 мәміле жасалды.

  • Минималды баға – 487,20 теңге/долл.
  • Максималды баға – 491,60 теңге/долл.
  • Соңғы мәміле 491,60 теңгемен өтті.

Корпоративтік жаңалықтар:

  • Kaspi.kz Rabobank Turkey-ді сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде — Bloomberg.
  • БРК Қазақстанның энергетикалық және көлік инфрақұрылымын қолдау мақсатында 200 млн еуро тартып отыр.
  • ТехноЛизинг KZ2P00007354 (THLZb3) облигацияларының бір бөлігін қайта сатып алғанын хабарлады.
  • AGRIQA Азия AGRIQA Greenhouses Ltd. компаниясын иеленуге кірісті.
SMS - тен кодты енгізіңіз
%Number% нөміріне растау коды бар SMS жіберілді
секундтан кейін қайта жіберу
Назад
Сканирование лица - следуйте инструкциям выше
Назад
Сканирование документов - следуйте инструкциям выше

Отправляем запрос в ЦОИД...

Пожалуйста, не закрывайте страницу.

Заявление о присоединении к Договору будет сформировано и подписано вместе со всеми документами после заполнения всех данных Клиентом.