Нарықтарды шолу

Негізгі қаржылық жаңалықтар

ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚТАР

Уолл-стриттегі салыстырмалы үш күндік тыныштық акциялардың, әсіресе ірі технологиялық компаниялардың, төмендеуімен аяқталды. Бұған сауда соғысының экономика мен инфляцияға тигізетін әсеріне қатысты алаңдаушылықтың қайта күшеюі әсер етіп, инвесторлардың тәуекелді активтерге сұранысын төмендетті.

Кешкі сауда кезінде президент Дональд Трамп АҚШ-қа әкелінетін автокөліктерге 25 пайыздық тариф енгізу туралы жарлыққа қол қойғаннан кейін биржалық қорлар құлдырады. Бұл шешім өндірістік жұмыс орындарын АҚШ-қа қайтаруға бағытталған сауда соғысын кеңейтіп, келесі аптада тарифтерді одан әрі ұлғайтуға негіз қалады. Америкалық автоөндірушілер General Motors Co. мен Ford Motor Co. акциялары арзандады.

АҚШ автомобиль нарығының негізгі жеткізушілері:

  • Мексика – 78,5 млрд доллар

  • Жапония – 39,7 млрд доллар

  • Оңтүстік Корея – 36,6 млрд доллар

  • Канада – 31,2 млрд доллар

  • Германия – 24,8 млрд доллар

Бұл қадам «жауап тарифтері» деп аталатын шаралар жарияланардың алдында жасалып отыр. 2 сәуірде белгілі болмақ бұл тарифтердің мақсаты – басқа елдердің сауда кедергілерін төмендету және АҚШ-тың сауда дефицитін қысқарту. Сент-Луис Федералдық резервтік банкінің президенті Альберто Мусалем тарифтердің инфляцияға ықпалы уақытша бола ма, жоқ па, қазірше белгісіз екенін атап өтіп, екінші реттік әсерлер ФРЖ-ның мөлшерлемелерді ұзақ уақыт өзгеріссіз ұстауына алып келуі мүмкін екенін ескертті.

Трамп келесі аптада жарияланатын жауап тарифтерінің «өте жұмсақ» болатынын айтты. Сонымен қатар, егер Қытай ByteDance Ltd. компаниясына тиесілі TikTok әлеуметтік бейне платформасын америкалық компанияға сатуға келіссе, тарифтердің төмендетілуі мүмкін екенін де атап өтті.

Сәрсенбі күні «Magnificent Seven» деп аталатын ірі мегакорпорациялар тобының акциялары айтарлықтай төмендеп, 2022 жылдан бергі ең нашар тоқсандық нәтижеге жақындады. Nvidia Corp. және Tesla Inc. акциялары кемінде 5,5 пайызға арзандады. TD Cowen сарапшыларының айтуынша, Microsoft АҚШ пен Еуропада жаңа дата-орталықтар салу жобаларынан бас тартқан.

S&P 500 индексі 1,1 пайызға құлдырап, 200 күндік жылжымалы орташа деңгейінен төмен түсті. Nasdaq 100 индексі 1,8 пайызға төмендеді. Dow Jones Industrial Average индексі 0,3 пайызға азайды. Bloomberg-тің мегакорпорациялар индексі 3 пайызға төмендеді. Russell 2000 индексі 1 пайызға төмендеді. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі үш базистік тармаққа өсіп, 4,35 пайызды құрады. Доллар бағамы 0,3 пайызға нығайды.

Жаһандық сауда соғысының экономикалық салдарына қатысты алаңдаушылық АҚШ акциялар нарығындағы өтімділікті төмендетіп, ірі институционалдық инвесторларға қиындық туғызуда, сондай-ақ кең ауқымды нарықта құбылмалылықты арттыруы мүмкін.

Азиаттық қор нарықтары да АҚШ президенті Дональд Трамп автокөліктерге 25 пайыздық тариф енгізгеннен кейін төмендеді. Бұл әлемдегі ең ірі экономиканың өсу қарқыны бәсеңдейді деген қорқынышпен инвесторларды тәуекелі жоғары активтерге салымдарын азайтуға мәжбүрледі. Автоөндірушілердің акциялары арзандады. Аймақтық қор индексі төмендегенімен, Гонконг нарығы өсті. Бұл кезде Қытайдың өнеркәсіптік компанияларының 2025 жылдың басындағы пайдасы қысқарып, алдағы америкалық жоғары тарифтер аясында ел экономикасы үшін алаңдаушылық тудырды.

Шикізат нарығында АҚШ-тағы мұнай қорлары желтоқсаннан бері алғаш рет қатты төмендегеннен кейін мұнай бағасы өсуін жалғастырды. Алтын бағасы рекордтық деңгейге жақын қалыптасты.

Корпоративтік жаңалықтар:

  • TD Cowen Microsoft-тың дата-орталықтар салу жоспарларын қысқартқаны жайлы есеп жариялады.

  • Dollar Tree сәрсенбі күні таңертең Family Dollar бизнесін Brigade Capital Management пен Macellum Capital Management қорларына 1,01 млрд долларға сату жөнінде келісім жасағанын растады.

  • Музыкалық баспагерлік компаниялардың Anthropic стартабына авторлық құқықпен қорғалған ән мәтіндерін жасанды интеллект моделі Claude-ты үйретуде пайдалануға тыйым салу туралы талабын сот қанағаттандырмады.

  • The Canadian Press басылымының хабарлауынша, Канада электромобильдерді субсидиялау жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында Tesla-ға төлемдерді әрбір талаптың заңдылығын тексергенге дейін тоқтатты.

  • GameStop Corp. компаниясының акциялары сейсенбі күні төртінші тоқсандағы есепті жариялап, биткоинге инвестиция жасай алатынын мәлімдегеннен кейін биржадан тыс саудада қымбаттады.


ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫ

Сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша KASE индексі 0,37 пайызға азайып, 5 631,75 пунктке жетті. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең жоғары белсенділік «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларында байқалды, олар бойынша 3 890 мәміле жасалды. Сауда көлемі бойынша көшбасшы – «Қазақтелеком» АҚ (1 159,1 млн теңге).

Төрт компанияның акциялары өсім көрсетті:

  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+1,46%)

  • «Қазақтелеком» АҚ (+0,56%)

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+0,21%)

  • «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,14%)

Мемлекеттік бағалы қағаздармен бір күндік репо операцияларының (TONIA) кірістілігі 29 базистік тармаққа төмендеп, жылдық 15,78 пайызды құрады. АҚШ доллары кепілімен теңгені бір күнге қарызға алу ставкасы (SWAP-1D USD) 40 базистік тармаққа өсіп, жылдық 11,66 пайызға жетті. Бір күндік ақша нарығы құралдары бойынша операциялардың жалпы көлемі 729,989 млрд теңгені құрады.

Сәрсенбі қорытындысы бойынша «ертеңгі» есеп айырысу мерзіміндегі АҚШ долларының теңгеге қатысты орташа алынған бағамы 501,56 теңгені құрап, теңге 1,24 теңгеге нығайды. Валюталық сауданың жалпы көлемі 228,871 млн долларды құрап, 779 мәміле жасалды.

  • Минималды бағам – 499,01 теңге

  • Максималды бағам – 503,30 теңге

  • Соңғы мәміле – 500,55 теңге

Корпоративтік жаңалықтар:

  • Halyk Bank US46627J3023, US46627J2033 (HSBKd) GDR-лары бойынша өз бағалы қағаздарын кері сатып алу бағдарламасы шеңберінде жасалған мәмілелер жайлы хабарлады.

  • «Қазақстанның Даму Банкі» 67,2 млрд теңгені дивиденд ретінде төлеуге бағыттайды.

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2024 жылғы қаржылық нәтижелерін жариялады.

  • BASS Gold Чинасыл-Сай кен орнына барлау жұмыстарын жүргізу лицензиясының 2030 жылға дейін ұзартылғанын хабарлады

SMS - тен кодты енгізіңіз
%Number% нөміріне растау коды бар SMS жіберілді
секундтан кейін қайта жіберу
Назад
Сканирование лица - следуйте инструкциям выше
Назад
Сканирование документов - следуйте инструкциям выше

Отправляем запрос в ЦОИД...

Пожалуйста, не закрывайте страницу.

Заявление о присоединении к Договору будет сформировано и подписано вместе со всеми документами после заполнения всех данных Клиентом.