Нарықтарды шолу

Негізгі қаржылық жаңалықтар

ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚТАР

АҚШ автокөлік өндірушілеріне кедендік баж салығын енгізуді жалғастырғаннан кейін акциялар арзандап, сауда соғысының кеңеюіне қатысты алаңдаушылық күшейді. Бұл ретте әлемнің ең ірі экономикасының өсу қарқыны күткендегіден жоғары болғаны туралы мәліметтер де нарықты тұрақтандыра алмады.

Президент Дональд Трамп импортталатын автомобильдерге 25%-дық баж салығын енгізу туралы прокламацияға қол қойып, егер ЕО мен Канада АҚШ-қа қарсы бірігетін болса, оларға қатаңдау шаралар қолданатынын мәлімдеді. Осы қадам төртінші тоқсандағы экономикалық өсімнің күткеннен жоғары болғанына қарамастан, басты назарға айналды. Инфляция көрсеткіші төмендеу жағына қайта қаралды. Toyota Motor Corp.-тан бастап Mercedes-Benz Group AG мен General Motors Co.-ға дейінгі ірі автоконцерндер қысымға ұшырады. AppLovin Corp. акциялары Muddy Waters компаниясының теріс есебінен кейін арзандады. Мегакап сегментінде жағдай әркелкі өрбіді: Apple Inc. өсім көрсетсе, Nvidia Corp. төмендеді. Сауда сессияларының соңына қарай Lululemon Athletica Inc. пессимистік болжам ұсынды.

Осы уақытта инфляция Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) үшін алаңдатарлық деңгейде қалуда. Болжамға сәйкес, жұма күні жарияланатын жеке тұтыну шығындары бағасының индексі (PCE) қатаң инфляциялық жағдайдың белгісін көрсетуі мүмкін. S&P 500 индексі 0,3%-ға төмендеді. Nasdaq 100 0,6%-ға құлдырады. Dow Jones өнеркәсіптік индексі 0,4%-ға азайды. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі 1 базистік пунктке көтеріліп, 4,36%-ды құрады. 30 жылдық және 5 жылдық АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің аралығы 2022 жылдың басынан бергі ең жоғары деңгейге жетті, себебі қысқа мерзімді облигациялар ФРЖ ставканы төмендетеді деген күтулерге көбірек әсер етеді (экономикалық өсім бәсеңдеген жағдайда). Нәтижесінде облигация нарығында кірістілік қисығы «қаттырақ еңістене бастады».

Ұзақ мерзімді мемлекеттік облигациялардың бағасы бейсенбі күні бір айдағы ең жоғары деңгейге көтерілді, өйткені инвесторлар тарифтердің салдарынан АҚШ-та инфляция жылдамдауы мүмкін деген тәуекел үшін қосымша өтемақы талап етіп отыр. Бостондағы Федералдық резервтік банктың президенті Сьюзан Коллинз пошлиналар қысқа мерзімде баға қысымын күшейтуі мүмкін екенін, алайда оның қанша уақытқа созылатыны әлі анық еместігін атап өтті.

Жұма күні жарияланатын инфляция туралы есеп 2 сәуірге жоспарланған Трамптың «өзара баждар» (reciprocal tariffs) туралы мәлімдемесіне дейін баға қысымы мен экономикалық белсенділік бойынша түсінік береді. Бұл күнді ол «Америкадағы азат ету күні» деп атаған болатын. Америкалық жеке инвесторлар қауымдастығы (AAII) жүргізген соңғы сауалнамаға сәйкес, нарықтың қысқа мерзімді келешегіне деген пессимизм азайған, сонымен бірге оптимизм мен бейтараптық деңгейі өскен.

BlackRock Investment Institute басшысы Жан Буаэннің пікірінше, АҚШ-тың акция нарығы жақын арада Еуропа нарықтарының алдындағы бұрыннан келе жатқан басымдығын қалпына келтіреді, өйткені Еуропадағы жағдайдың жақсаруы қорғаныс және банк секторы сияқты жекелеген салалармен шектеледі.

Азия нарықтары
Азиялық қор алаңдары АҚШ-тың алдағы баж салығына және сауда соғысының кеңеюіне байланысты алаңдаушылық аясында бір күндік ең үлкен құлдырауға ұшырау қаупінде қалды, бұл инвесторлардың тәуекелге деген құлшынысын төмендетті.

Жапонияда жұма күні Токиодағы инфляцияның жеделдеуі туралы деректер жарияланып, Жапония банкінің мөлшерлемені біртіндеп арттыру саясатын қолдауға негіз берді. Бұл хабарлама иенаның доллармен салыстырғанда шамамен 150,70 деңгейіне дейін нығаюына ықпал етті.

Сыртқы тауар нарықтары
Мұнай Трамп әкімшілігі тарапынан жаңа баж салығын енгізу мүмкіндігіне байланысты үшінші апта қатарынан өсіммен жабылуға дайындалып жатыр. Алтын жұма күні тағы 0,7%-ға қымбаттап, унциясы 3077,60 доллардан жоғары жаңа тарихи максимумды бағындырды.

Корпоративтік жаңалықтар

  • Amazon Fulfillment by Amazon бөлімшесінде шамамен 200 қызметкердің қысқартылатынын хабарлады, деп жазады бейсенбі күні The Information.

  • Salesforce тоқсан сайынғы дивидендті акцияға 0,42 доллар мөлшерінде төлейтінін мәлімдеді, бұл алдыңғы 0,40 доллардан 5%-ға жоғары.

  • Intel бейсенбі күні басқармадағы үш мүшенің қызметтен кететінін хабарлады. Шешімі қиындыққа тап болған чип өндіруші компания жаңадан тағайындалған бас директор Лип Бу-Танның жетекшілігімен қайта құрылымдаудан өтуде.

  • GameStop бейсенбіде 2030 жылы өтелуі тиіс 0,00% мөлшерлемелі конверттелетін облигацияларды 1,3 млрд доллар сомасына орналастыру бағасын бекіткені туралы жариялады. Бұл жабық орналастыру аясында жүзеге асырылмақ.

  • Гонконгта ұсынылған Nio Inc. акциялары шамамен 8,1%-ға арзандады. Бұған қытайлық электромобиль өндіруші компанияның 518 млн долларға акциялар шығаруы себеп болды.

ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫ

Бейсенбі күні KASE индексі 0,44%-ға төмендеп, 5606,89 ұпайға жетті. Өкілдік тізімге кіретін акциялар арасындағы мәмілелер көлемі бойынша келесі компаниялар көш бастады:

  • мәмілелер саны бойынша (3073) — «Народный Банк Казахстана» АҚ акциялары;

  • жиынтық сома бойынша (347,9 млн теңге) — «Кселл» АҚ акциялары.

Күн ішіндегі өсім төрт эмитентте тіркелді:

  1. «Народный Банк Казахстана» АҚ (+1,12%)

  2. «Казахтелеком» АҚ (+0,30%)

  3. «KEGOC» АҚ (+0,17%)

  4. «Кселл» АҚ (+0,03%)

Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) жасалатын бір күндік репо операцияларының кірістілігі (TONIA) 4 базистік пунктке жоғарылап, сауда қорытындысы бойынша жылдық 15,82%-ды құрады. АҚШ долларын кепілге қоя отырып теңге заемын тартуға арналған SWAP-1D (USD) мөлшерлемесі 14 б.п. өсіп, 11,8%-ға жетті. Бір күндік ақша нарығы құралдарының жалпы сауда көлемі 803,494 млрд теңгені құрады.

Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, ертеңгі есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының теңгеге қатысты орташа өлшенген бағамы 498,47 теңгені құрады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда ұлттық валюта 3,09 теңгеге нығайды деген сөз. Сауда көлемі 276,600 млн долларды құрады, 741 мәміле жасалды.

  • Сессия барысындағы ең төменгі баға – 497,00 теңге/доллар

  • Ең жоғары баға – 500,30 теңге/доллар

  • Соңғы мәміле бағасы – 500,30 теңге/доллар

Корпоративтік жаңалықтар

  • Halyk Bank 2024 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін жариялады.

  • Kaspi.kz түріктің Rabobank A.Ş. қаржы ұйымын сатып алуда.

  • ДБҚ (Банк развития Казахстана) 2024 жыл үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлемек.

SMS - тен кодты енгізіңіз
%Number% нөміріне растау коды бар SMS жіберілді
секундтан кейін қайта жіберу
Назад
Сканирование лица - следуйте инструкциям выше
Назад
Сканирование документов - следуйте инструкциям выше

Отправляем запрос в ЦОИД...

Пожалуйста, не закрывайте страницу.

Заявление о присоединении к Договору будет сформировано и подписано вместе со всеми документами после заполнения всех данных Клиентом.