Сақтандыру туралы пайдалы кеңестер

Сақтандыру туралы пайдалы кеңестер

website.png     
On-line:
  • Полиске он-лайн тапсырыс беру 
  • Полисті алу (сақтандыру полисі тегін жеткізіледі)
fax.png
Сақтандыру компаниясының кеңсесі:
  •  Сақтандыру компаниясының кеңсесіне келу 
  •  Полисті рәсімдеу үшін құжаттарды  
  •  Сақтандыруды төлеу 
  •  Полисті алу
telephone.png     
Call-centre:
  • (2)58 70 90 нөміріне қоңырау соғу
  • Курьерге құжаттардың көшірмесін беріп, полистің ақысын төлеу
  • Сақтандыру полисін алу (полис тегін жеткізіледі)
  • Сақтандыру полисін он-лайн режимінде үш түртумен сатып алыңыз, полисті үйіңізге немесе кеңсеңізге жеткізіп береміз!
house-1.png     
  • Бір уақытта бірнеше банкке ипотека өтінішін беріңіз 
  • Алғашқы жарна үшін сізге тұрғын үйдің жалпы құнының ең кемі 10% көлеміндегі сома қажет 
  • Соңғы жұмыс орнындағы еңбек өтіліңіз 6 айдан көп болуы керек 
  • Жылжымайтын мүлікті таңдау кезінде, дәл қазір төлей алатын сомаңызды назарда ұстаңыз 
  •  Өсімпұлмен, айыппұлмен және мерзімінен бұрын өтеу шарттарымен мұқият танысыңыз 
  •  Төлеу тәртібін белгілеп алыңыз: үлестерін тең төлеу (ануитет) немесе дифференциялы түрде төлеу
  • Кепілдік жылжымайтын мүлікті сақтандыру үшін, тарифтері тиімді сақтандыру компаниясын дербес таңдаңыз 
  •  Ипотекаға сатып алынған жылжымайтын мүлік банкте кепілде тұратынын есіңізден шығармаңыз 
  •  • Ипотека қарызының мерзімі ұзақ болатынын ескере отырып, жақындарыңыз туралы ойлаңыз және өзіңізді ипотека мерзіміндегі оқыс оқиғалардан сақтандырыңыз 

house-protection.png     
  • Үйді жинастырыңыз;
  • Бүкіл техниканы өшіріп, тоқ көзінен ажыратыңыз;
  • Пәтерді желдетіңіз;
  • Пәтердегі газ бен суды жауып қойыңыз;
  • Балконның жармаларын және есіктерін жабыңыз;
  • Терезелерді жақсылап жабыңыз;
  • Үй жануарларын күту үшін, үйдің кілтін туыстарыңызға немесе достарыңызға қалдырыңыз.
  • Үйдегі өсімдіктерді күту үшін, үйдің кілтін туыстарыңызға немесе достарыңызға қалдырыңыз.
  • • Сақтандыру полисін (үйдің, пәтердің) рәсімдеңіз де, демалуға бет алыңыз!

car-insuranceic1.png     
  • Көлікті тоқтатып, апаттық жарық дабылын қосыңыз;
  • Апаттық аялдау белгісін орнатыңыз;
  • ЖКО-нан зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету шараларын жасаңыз;
  • Жедел медициналық жәрдемді шақырыңыз 103;
  • Жол полициясын шақырыңыз 102;
  • Инспектор келгенге дейін көлікті қозғамаңыз;
  • Апаттық сақтандыру комиссарын шақырыңыз;
  • Жол-көлік оқиғасының куәларының байланысу деректерін жазып алыңыз.

ship.png     
  • Шет елге сапарға шықпас бұрын баратын еліңіздің дәстүрімен, заңдарымен, діні және мәдениетімен танысыңыз;
  • Қажет болса, елге кіруге арналған визаны рәсімдеңіз;
  • Елге бару үшін, арнайы екпе алу қажеттілігін анықтаңыз;
  • Бастапқы уақытқа қажетті валютаны сатып алыңыз, ұсақ ақшаларды дайындап алыңыз;
  • Интернеттен баратын еліңіздегі ауа райы мен сағат ендігін біліп алыңыз;
  • Баруға болатын қажеттіорындардың тізімін жасаңыз;
  • Картаны мобильді телефонға немесе планшетке жүктеп алыңыз;
  • Ең көп таралған сөздерді баратын еліңіздің тіліне аударып алыңыз;
  • Шет елге шығатын саяхатшыларға арналған медициналық сақтандыруды рәсімдеңіз
moving-insurance.png     
  • Басқа пәтерге немесе үйге көшу жөніндегі әрекеттеріңіздің жоспары мен заттардың тізімін жасаңыз;
  • Мүліктерге арналған орайтын, қаптайтын материалдарды: қораптарды, сумкаларды, қабыршықты пленкаларды, пенопласты, вакуумды пакеттерді және скотчты артығымен алыңыз;
  • Тасуға ыңғайлы болуы үшін, қораптарды тым ауыр қылмаңыз;
  • Ашып, орналастыру кезінде ыңғайлы болуы үшін, қораптардың сыртына ішінде не бар екенін жазып қойыңыз;
  • Осал және тез сынатын заттарды міндетті түрде белгілеп қойыңыз;
  • Артық жүк тасымаңыз, қажетсіз бұйымдарды лақтыра салыңыз немесе мұқтаж жандарға таратып беріңіз;
  • Жүкті тасымалдау жолын анықтаңыз: өзіңіз тасисыз ба, әлде көлік компаниясы таси ма;
  • Жиһаздар мен көлемі үлкен заттарды тасу үшін, жүкшілерді жалдаған жақсы;
  • Көлік компаниясын таңдаған кезде, оның беделі мен интернеттегі ол туралы пікірлерге назар аударыңыз;
  • Бұйымдарыңызды сақтау үшін, тасымалдау кезіне заттарыңызды сақтандырып қойыңыз

suitcase.png     
  • Заттардың тізімін жасаңыз;
  • Жайып қойып, жалпы көлемін көріңіз;
  • Шет елге барарда, «керек болып қалар» деген заттарды алмаңыз; ;
  • Заттарды орап, тығыз салыңыз;
  • Осал заттарды сырт киімнің ішіне салыңыз;
  • Ылғал мен шаңнан қорғау үшін, заттарды пакетке салыңыз;
  • Бірнеше шабадан ұстағанша, бір үлкен шабадан ұстаңыз;
  • Саяхатшының жүгі 20 кг-дан аспауы керек;
  • Ақшаңызды, несие карталарын, құжаттар мен гаджеттерді қолыңызға алып алыңыз;
  • Саяхатшыны сақтандыру полисін сатып алыңыз.